Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың басталуына орай Петропавл қаласында жаппай велошеру ұйымдастырылады. Іс-шара 30 мамыр күні сағат 11:00-де басталады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Велошеру салауатты өмір салтын насихаттауға және зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары ерікті түрде қатыса алады.
Велошеруді облыстық спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Шара С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана алдынан басталып, Горький – Сүтішев – Жұмабаев – Бөкетов – Жабаев – Сүтішев көшелері бойымен өтеді. Велосипедшілер жалпы үш шақырымды бағындырады.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеу жасап, нашақорлықтың алдын алу жолында бірігіп әрекет ету. Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын белсенді түрде қатысуға шақырады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды