Петропавлда халықтық штабтың мүшелері колледж студенттерімен кездесті

Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде АЭС құрлысына қатысты кездесу өтті. Халықтық штаб мүшелері үшінші және төртінші курс студенттері, сондай-ақ оқу орнының оқытушыларымен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кездесуде атом энергетикасының қауіпсіздігі және станция құрылысы кезіндегі болуы мүмкін қауіптер талқыланды. Спикер Әлфараби Мыңбай Қазақстанда көптеген жылдар бойы екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы жұмыс істеп келеді деді. Бұл Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық және Алматыдағы ядролық физика институты. Олар АЭС жұмысын ғылыми-техникалық жағынан зерделеу процесінде айтарлықтай қолдау көрсетеді.

«Іс жүзінде елде ғылыми орталықтарда жұмыс істейтін үш ядролық реактор бар. Бізде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігі бар. Қосымша қуаттар еліміздің экономикасын алға жылжытуға мүмкіндік береді», — дейді халықтық штабтың мүшесі Әлфараби Мыңбай.

2025 жылға қарай энергия тұтынудың 25-30% — ға өсуі күтілуде, ал жұмыс істеп тұрған жылу станцияларының көпшілігінің тозуы қазірдің өзінде шамамен 70% — ға жеткен. Елдің оңтүстігінде жыл сайын халық саны артып келеді. Болашақта бұл энергия тапшылығын тудыруы мүмкін, сондықтан балама көздер туралы қазір ойлану керек.

Петропавлда халықтық штабтың мүшелері колледж студенттерімен кездесті

«Атом электр станциясы салынады деген күннен бастап, жұрттың пікірі екіге бөлінді. Біреулер қарсы болса, бірі қолдап жатыр. Бұл мәселеде алдымен, білікті мамандардың ой-пікіріне құлақ асқан жөн. Қазіргі кезде әлемнің дамыған елдері бір емес, бірнеше АЭС тұрғызды. Оның қауіпсіздігіне көз жеткізді. Сондықтан да, бастысы болашақты ойлау қажет», — деп атап өтті кездесуге келген штаб мүшесі Болат Қожахметов.

Халықтық штаб мүшелері атап өткендей басты міндет — азаматтарға референдумның ел үшін және оның болашағы үшін маңыздылығын жеткізу. Кәмелетке толған әр қазақстандық алтыншы қазан күні рефрендум учаскесіне келіп, таңдауын жасауы керек. Учаскелер таңғы жетіде жұмысын бастайды.

Тағы оқыңыз: Бір тонна бидай үшін 100 мың теңге: СҚО диқандары сұраған баға қабылданды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x