Петропавлда велосипедтен құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген тұрғындардың саны артқан. Ол туралы қалалық көпбейінді аурухананың әлемуеттік желідегі парақшасында жарияланды. Мәселен 66 жастағы тұрғынның қос дөңгелекті көліктен құлағаннан оң жақ сан сүйегі сыныпты, деп жазады Qazaqstan Media.
Велосипедтен құлап, жарақат алған пациенттердің бірі – 70 жастағы қария. Ол сол бүйіріне құлап, нәтижесінде сол жақтағы бірнеше қабырғасы сыныпты. Оған толық медициналық көмек көрсетіліп, денсаулығы жақсарғасын үйіне шықты.
Ал, екінші зейнеткерге дәрігерлерге ота жасауға тура келді.
«Пациент ауруханаға оң жақ жамбас буынының қатты ауыратынына және аяққа тұра алмайтынына шағымданып түсті. Ол ауруханаға түсердің алдында екі сағат бұрын велосипедтен құлаған. Оған оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы деген диагнорз қойылды. Іштен бекіту арқылы жабық репозиция операциясы жасалды»,-деп хабарлады қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі.
Отаны р травматолог-ортопедтер Қайрат Смайлов Қайрат және Әсет Кеңесов, анестезиолог-реаниматолог — Юлия Кипень жасаған. Қазіргі кезде пациент скелеттік тарту емін алып жатыр. Ауруханада жатқанына тоғыз күн болыпты.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында орын тапшы