Петропавлдағы Ойқала ауданында тағы бір серуендеу алаңын ұйымдастыру жағы ойластырылып жатыр. Ол Ущев көшесіндегі бөгетті демалыс орнына айналдыру бойынша жоба, деп жазады Qazaqstan Media.

Ойқала шағын ауданындағы Ущев көшесі бойында орналасқан бөгет, алдағы уақытта серуендеу алаңына айналмақ. Бұл туралы 20-шы мамыр күні облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев, суға шомылу маусымы қарсаңында аталмыш аймақта күзетті күшейтеміз, деп отыр. Себебі бөгет бойымен қыдыратын тұрғындардың қатары өскен.

«Қала тұрғындары әсіресе жылы күндері, бөгет бойында серуендеп уақыт өткізеді. Қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін қауіпсіздік жұмыстарын күшейтеміз»,-деді шаһар басшысы.

Ал, бөгетті серуендеу алаңына айналдыру ұсынысын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты. Оның пікірінше, аймақты толық абаттандырса, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі болады.   

«Мен қаланы аралап жүргенде ол жақта халықтың көп серуендеп жүргенін көрдім. Әдемі аймақ. Бірақ, қауіпті. Сондықтан орындықтар қойып, жарықтандырса, қажет болса қоршаулар қойып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қажет. Иттерді серуендетеін алаңдар, велосипедшілерге арналған жолдар салынса жақсы болады»,-деді  өңір басшысы.

Әзірге аталған бөгеттің құрылысын толық аяқтау үшін 400 млн теңгеден артық ақша қажет. Ал, оны абаттандыру жобасы 2026 жылы қарастырылатын болады. Сондықтан, облыс әкімі бұл жобаны осы күннен бастап ойластыруды тапсырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 10 бала асырап алған отбасымен облыс  әкімі кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *