Петропавлда Универсальная көшесіндегі жол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның бүгінгі дайындығы – 80%, деп хабарлайды Qazaqstan Media. 

Қазіргі уақытта көпірдің темірбетон конструкциясы толық дайын. Үйінді қабатын қалыптастыру, тіреу қабырғаларын орнату және су ағар жүйесін жасау жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұған дейін құрылыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Алайда бас мердігер «БУКА» ЖШС белгіленген мерзімдерді орындамай, ҚР заңнамасының бірқатар нормаларын бұзған. Осыған байланысты қалалық әкімдік компаниямен келісімшартты бұзып, материалдарды құқық қорғау органдарына өткізді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Құрылысты аяқтау міндеті енді жергілікті «Құрылыс Сервис» ЖШС компаниясына жүктелді. Жұмыс екі ауысымда ұйымдастырылған, нысанда 40-тан астам маман және 30 техника жұмылдырылған.

Әкімдік құрылыстың сапасын ерекше бақылауда ұстап отыр. Нысанға техникалық қадағалау күшейтілген режимде жүргізілуде. Асфальт төсеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жазда аяқталады. Көпірді пайдалануға беру 2026 жылдың жазыға жоспарланған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да халық сазгері Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы насихатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *