Петропавлдағы теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанда жұмыстар 72 пайызға орындалған. Құрылысы екі жылға созылған нысан, 2025 жылдың соңында толық салынып аяқталуы тиіс. Мұндай мәліметті QM редакциясына облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы берді.
Облыс орталығындағы жаңа автожол өткелінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Ол болашақта Петропавлдың орталығы мен Жұмысшы кентін байланыстыратын өткел болуы тиіс. Универсальная көшесіндегі теміржол арқылы өтетін өткелді көпшілік Жұмысшы кентіндегі көпір деп біледі.
«Қазіргі кезде Универсальная көшесіндегі көпірдің іргетасы қаланып жатыр. Оған қоса, көшені жарықтандыру мен жол төсемін төсеу жұмыстары қатар жүрігізілуде. Барлығы кестеге сай атқырылып жатыр», — деп жауап берді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мамандары.
Бүгінде бұл жерде жұмыстар 72 пайызға аяқталған. Жоспар бойынша, жаңа өткел 2025 жылдың соңында халық иглігіне тапсырылуы тиіс. Құрылыс жұмыстары 5,4 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда жұмысшы биіктен құлап мерт болды