Петропавлда үстел теннисінен республикалық жарыс өтіп жатыр
Петропавлда үстел теннисінен XIII жазғы Қазақстан оқушыларының гимназиядасы өтіп жатыр. Биылғы жарыс 13 пен 14 жастағы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған алты команда өзара мықтыны анықтауда. Жарыс командалық форматта ұйымдастырылған. Әр команда құрамында екі ұл және бір қыздан.
Айнұр Алмауыт сонау Маңғыстау облысынан келіп отыр. Жарыстан 1-ші орын аламыз деген үмітте. Өйткені, Айнұрдың командасы тартысқа тыңғылықты дайындалған.
Петропавлда үстел теннисінен республикалық жарыс өтіп жатыр
«Менің үстел теннисімен айналысып жүргеніме үш жылдай болып қалды. Жарысқа біршама уақыт дайындалдық. Жеңіске деген ынтам өте жоғары. Өзіме сенімдімін, жеңіске жетеміз деген ойдамын», — деді қатысушы.
Жарыс тартысты өтіп жатыр. Спортшылар бір-бірімен кезек-кезек ойнап, әр ұпай үшін бар күштерін салды.
Сонымен, жарысқа алты облыстан 20-ға жуық жас қатысып жатыр. Дода екі күн қатарынан өтеді. Жеңімпаз команда жазда халықаралық жарыста бақ сынайды.