Петропавлда төрт жылда барлық көшелерге асфальт төселеді

Биыл Петропавлда 39 көшеге алғаш рет асфальт төселуде. Жалпы 57 көшенің жолын жөндеу жоспарланып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Осы жылы алға қойған жоспар орындалатын болса, онда жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 50 пайыздан 67 пайызға жетпек. Биыл Петропавлда жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Жөндеу жұмыстары облыс орталығындағы 57 көшені қамтыды. Оның 39-ы алғаш рет асфальтталады. Қала жолдарын жөндеу барысын тексерген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, шаһар басшылығына алдағы 4 жылда Петропавлдағы барлық жолдарға асфальт төсеуді тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы облыс орталығын аралады. Ол Жұмысшы кентіндегі жол өткелінің құрылысын және Жуков көшесіндегі кәріз коллекторының қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Сонымен қатар, Береке шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысанға ат басын бұрды. Мысалы, спорт кешені мен арнайы мектептің құрылысы аяқталуда. Бұл ықшам ауданда салынып жатқан жайлы мектеп пен балабақшаны тұрғызу жұмыстары қарқын алған.
Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс жұмыстары жылдам жүргізіліп, жобалар мерзімінде қолданысқа берілуі керек, деген тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Есірткіні жарнамалап, сатқан жігіт ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x