10 наурызға қараған түні Петропавлда болған өрт адам өліміне әкелді, деп жазады Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға Жұмысшы кентіндегі Пугачев көшесінде тіркелді. Уақытша баспана ретінде пайдаланылған үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түнде жедел қызметке түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер келген сәтте баспана толықтай отқа оранған.
«Өртті сөндіруге ТЖД-ның 15 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 1988 жылы туған әйелдің мәйітін тапты», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан әйел бұл үйді жалдап тұрған. Қазір мамандар өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан 12 адам көз жұмған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 100-ден астам адам ағза донорлығына мұқтаж


