Петропавлдық жүргізуші көлігімен жол жиегінде өсіп тұрған ағашқа соғылып, салдарынан екі шыршаға нұқсан келтірді. Енді 34 жастағы жігіт олардың орнына 10 көшет отырғызуы керек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
34 жастағы петропавлдық рөлге ие бола алмай Жамбыл көшесінде өсіп тұрған шыршаларға соғылған. Нәтижесінде екі ағашқа зақым келді. Полицейлер Toyota көлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды. Медициналық тексерістен өткен жүргізушінің, спирттік ішімдік ішпегені анықталды.
Талаптарға сәйкес, жүргізуші бір құлаған шыршаның орнына бесеуін отырғызуы тиіс. Ол екі ағашты зақымдағандықтан, 10 көшет отырғызатын болады. Жол-көлік оқиғасы болған жерде 10 жасыл желек отырғызуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан қалғанын қай жерге егуге болатындығын қалалық әкімдік мамандары шешеді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда көші-қон заңнамасын бұзған мигранттар сауда жасап келген