Үшінші тамыз күні кешке Петропавл қаласында Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден от шықты. Бесінші қабаттағы пәтерлердің бірі өртенді. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскеннен кейін бірнеше минут ішінде жетті, деп жазады Qazaqstan Media.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құраған. Жалын шыққан сәтте үйде қатты түтін пайда болып, адамдардың өздігінен эвакуациялануына кедергі келтірген. Осыған байланысты құтқарушылар бірден эвакуациялау және құтқару жұмыстарын бастады.

Петропавлда тоғыз қабатты үйде өрт шығып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Петропавлда тоғыз қабатты үйде өрт шығып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды

«Өрт сөндірушілер 97 адамды ғимараттан баспалдақ арқылы эвакуациялады. Бұған қоса, автосатының көмегімен жоғары қабаттарда қалып қойған 29 адам, соның ішінде 6 бала аман-есен құтқарылды»,- деп жазылған  СҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Барлық тұрғындар түтін толған үйден уақытында шығарылды.

Өрттің нақты шығу себебі әзірге анықталған жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққанына байланысты тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертті.

Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында жол апатында жас жүргізуші көз жұмды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *