Бүгін — Қазақстан халқы тілдері күні. Айтулы датаға орай Петропавлда «TIL FEST» фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Басқосуда мемлекеттік тілдің өткені мен бүгіні жайлы сөз болды. Өзекті мәселер туралы сөз қозғалып, шешу жолдары талқыланды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

Петропавлда «TIL FEST» фестивалінің ашылу салтанаты өтті
Петропавлда «TIL FEST» фестивалінің ашылу салтанаты өтті

«Бұл күннің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Ағартушымыздың өмірі мен еңбегі — ел болу жолындағы ұлтты сүюдің жарқын үлгісі. Бүгінгі күні еліміз — түрлі этнос өкілдерінің ана тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап отырған бірегей мемлекет»,- деді Жүсіп Рахатұлы.

Шарада мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқан жандардың еңбегі еленді. Олардың бір тобы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Өнегеге толы шараға ардагер ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Басқосу концертпен жалғасын тапты. Қазақтың рухты әндері шырқалып, күй шертілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да зейнеткер орманда саңырауқұлақ теріп жүріп, адасып кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *