Петропавл тергеу изоляторында «Кезек –оnline» электронды кезегінің жаңа жүйесі енгізілді. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пилоттық жобасы, деп хабарлайды Qazaqstan media.
Облыстық прокуратура «Кезек-online» жобасы тергеу изоляторына баруды ыңғайлы, қауіпсіз және ашық етеді деп санайды. Бұрын келушілер таңертең ерте келіп, тікелей кезекте тұруға, қағаз өтініштерді толтыруға және жеке келісімдер мен анықтамаларды алаты. Ол үшін адамдар біраз уақытын жоғалтып, кезек үшін талас болатын.
«Онлайн-жазба тәулік бойы қолжетімді — Қазақстан мен әлемнің кез келген жерінен жазылуға болады. Кезек автоматты түрде, жеке қатысусыз қалыптасады. Өтініштер онлайн түрде беріледі және келісіледі, барлық бөлімшелер деректерді автоматты түрде алады, ал бастық өтінімді электронды түрде бекітеді», — деп хабарлады облыстық прокуратура.
Анықтамалар мен құжаттарды енді қашықтан алуға болады. Сонымен қатар, қосымшада мекеменің жұмыс кестесі, мереке күндері, берілу шектеулері және келу ережелері туралы маңызды ақпарат бар.
«Push-хабарламалар мен автоақпарат келу уақытын, өтінімнің мәртебесін және қабылдау пункттерінің жүктемесін еске салады. Жасанды интеллект элементтерін қоса алғанда, одан әрі цифрландыру және автоматтандыру жоспарлануда», — деп толықтырды қадағалау органында.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына ие болды

