Петропавлда тағы бір көппәтерлі үйден өрт шықты. Бұл жолы оқиға Молодежная көшесінде орын алды, деп жазады Qazaqstan Media.

От облыс орталығындағы Молодежная көшесіндегі екі қабатты көппәтерлі үйдің бірінші қабатынан шықты. Ондағы пәтерлердің бірі жалындап бастаған. Оқиға орнына бірден жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы сегіз адамды сыртқа шығарды. Оның ішінде бір баланы эвакуациялады.

Тілсіз жаудан зардап алғандар жоқ. Бұл Петропавлдағы пәтер өртену фактісі бойынша төрт күн ішіндегі екінші оқиға. Осыған дейін үшінші тамыз күні Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйден от шығып, ол кезде 100-ге жуық адам эвакуацияланған еді.

Тағы оқыңыз: Полицейлердің арқасында зейнеткердің 2 млн теңгесі қалтасында қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *