Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 500 тонна қоқыс шығарылған

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында орталық саябақта сенбілік ұйымдастырылды. Оған облыс орталығының белсенді жастары, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысты. Бұл шаһарда ұйымдастырылып отырған осымен 300-і сенбілік, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Таза Қазақстан» атауымен ұйымдастырылып келе жатқан сенбіліктерден петропавлдықтар да тыс қалмайды. Кем дегенде аптасына екі рет шығып, саябақтар мен демалыс орындары, көшелерді қоқыстардан тазартып тұрады. Сондай-ақ жалғыз басты зейнеткерлерге де қол ұшын созып, аулаларын ретке келтіреді.

«Сенбіліктерге Петропавл қаласы бойынша шамамен төрт мыңға жуық тұрғын қатысты. Оның ішінде жастар, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер де бар. Біз жоқ дегенде аптасына екі рет тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Бұл алдымен, экологиялық акция, өзіміздің қаламыздың көркеюіне осылайша септесіп жатырмыз», — дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 500 тонна қоқыс шығарылған
Осы жолы да олар қолдарына тырнауыш, күрек, сыпыртқы ұстап тазалық акциясына шықты. Олар орталық саябақтағы күзгі жапырақ пен қоқыстарды жиыстырып жатыр. Экологиялық акцияға қатысу – азаматтық міндетім дегендердің бірі Евгений Шаламов. Петропавл қалалық әкімдігінде инспектор болып жұмыс істейтін ол, сенбіліктерден қалмауға тырысамын деп отыр.

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 500 тонна қоқыс шығарылған

«Біз қаламыздың ғана емес, еліміздің таза болуына көмектесіп жатырмыз. Оның жайлы болуы бәрімізге байланысты. Сондықтан сенбіліктерден қашпау керек, жыл он екі ай қаламыз таза тұрса тамаша ғой», — деп өз ойымен бөлісті мемлекеттік қызметкер.

Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Петропавлдан 500 тонна қоқыс шығарылыпты. Төрт мың адам қатысқан 300-ге жуық сенбілік ұйымдастырылған.

Ал бүгінгі сенбілікке 500 адам қатысып, үш тонна қоқыс жинаған. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да 212 млн теңге бөлінген жол учаскесі төрт жылдан бері жөнделмей келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x