Петропавлда тасқыннан зардап шеккен саяжайларды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Петропавлда тасқын су салдарынан үш мыңнан астам саяжайға зақым келген. Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы «Вагонник» саяжай қауымдастығының су тасқынының салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Саяжай иелері айналадағы қоқыстарды өз бетінше шығара бастаған. Дегенмен, кейбір көшелер әлі де тасқыннан қалған қоқыстарға лық толы екен. Осы мәселеге байланысты петропавлдықтар әкімдіктің көмегіне жүгінген.

«Біз саяжай мен қала арасындағы жолды басып қалған қоқыстарды шығарумен айналысып жатырмыз. Қазір мұнда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілуде. Жұмыс осымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да осындай қарқында жалғастырамыз», — деді «Вагонник» саяжай қауымдастығының төрағасы Сергей Тарабунов. 

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен саяжайларды қалпына келтіру жұмыстары басталды

«Вагонник» саяжай қауымдастығында 230 үй су тасқынынан зардап шекті. Олардың иелеріне әкімдік тарапынан құрылыс материалдары берілетін болады. 

«Қазір  саяжай тұрғындарының өтініші бойынша  қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдік арнайы техникамен қамтамасыз етті. Тазарту жұмыстары өткен жұмадан басталды. Арнайы жұмыс графигіде құрылған. Одан бөлек саяжай тұрғындарына 100 АЕК көлеміндегі бір жолғы көмек те беріліп жатыр. Қазір саяжайда тұратын, одан  басқа мүлкі жоқ тұрғындардың тізімі жасалуда. Оларға бағалау жүргізіліп нәтижесінде жаңа баспана беріледі немесе саяжайдағы үйлері қайта қалыпқа келтірілетін болады», — деді Петропал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова

Тағы оқыңыз:Бес адам аураханада жатыр: СҚО-да дәрігерлері жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x