Петропавлдағы Заречный кентінде тасқын судан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұл жерде 10 мамырдан бастап М. Жұмабаев ауданынан келген механикалық бригада жұмыс істеуде. Құрамында 35 адам және 7 техника бар. Бұл бригада 139 нысанға жауапты, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Тасқын су салдарынан Заречный кентінде 239 үй су астында қалған. Қазіргі таңда бұл жерде М. Жұмабаев ауданынан келген механикалық бригада қираған үйлерді қалпына келтіру  үстінде. Қазіргі таңда құрылысшылар 27 үйге  демонтаж жүргізген.

Петропавлда тасқыннан  қираған үйлер қалпына келтіріліп жатыр
Петропавлда тасқыннан  қираған үйлер қалпына келтіріліп жатыр

«Қазір кепкен баспаналардың ішін сылап жатырмыз. Бұдан кейін еденін жауып, есіктерді орнатамыз. Содан соң үй қолданысқа беріледі. Сонымен қатар біздің 7 техника тұруға жарамсыз үйлерді сүріп жатыр. Бізде мұндай 28 баспана бар», – деді М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Достан Тасмағанбетов.

Тасыған сумен қоқыс та келген. Механикалық бригада оларды да шығарып жатыр. Жалпы бүгінге дейін жұмысшылар 2,5 мың тонна қоқыс шығарған.

Тағы оқыңыз:Петропавлдан Шымкентке ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x