Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында тасқын судан зардап шеккен 51 отбасыға жаңа баспаналардың кілті табысталды. Бұл үйлерді қазақстандық «Қазақмыс корпорациясы» қаржыландырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа баспанаға ие болғандардың бірі – Александр Кривоногов. Ол осы уақытқа дейін Ойқала ықшам ауданында тұрған. Көктемде оның үйін су басты. Салдарынан жиһаздары мен киім-кешектері де жарамсыз болып қалған.

Петропавлда тасқынан зардап шеккен тағы 51 отбасы баспаналы болды

«Жаңа үй өзімізге ұнайды. Алдағы бір аптада көшіп келеміз. Жаңа жиһаз да берді. Өте қуаныштымыз. Тез арада үй салып беген әкімдікке үлкен рахмет», – деді Александр Кривоногов.

Жаңа баспана иелерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нүриев құттықтады. Аймақ басшысы, қалған 600-ден астам үйдің де кілті бірінші қазанға дейін тапсырылатынын айтып, барлық баспанаға екі жылға дейін кепілдік берілетінін тілге тиек етті.

Петропавлда тасқынан зардап шеккен тағы 51 отбасы баспаналы болды

«Кем-кетіктер болса екі жыл бойы жауапты компаниялар түзетіп береді. Кепілдік мерзімі біткенше бұл үйлер біздің басты бақылауымызда болады. Еш уайымсыз, жаңа баспаналарыңызға жайғаса беріңіздер. Ешқандай тұрғын біздің назарымыздан тыс қалмайды. Тасқынның зардабын толықтай жою мемлекет басшысының да бақылауында», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Петропавлда тасқынан зардап шеккен тағы 51 отбасы баспаналы болды

Бүгіндері жаңа ықшам ауданнан 150-ден астам отбасы үй алды. Сондай-ақ баспаналары тұруға жарамсыз болып қалған тұрғындардың тағы 605-іне пәтер сатып алынған.

Тағы оқыңыз:СҚО-да есірткі саудалаған нашақор келіншек 13 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x