Жауапсыз махаббатқа қарсы болған ер адам, өзінің таныс келіншегіне алдымен қол көтерген. Кейін тіпті өлтіруге оқталған. Танысының пәтеріне келіп, қоқан-лоқы көрсеткен сотталушыны келіншектің көршісі келіп шығарып жіберген. Оқиғаның мән-жайы сотта анықталды, деп жазады Qazaqstan Media.
Константин Тимичев пен жәбірленуші бұрыннан таныс. Ер адамда сезім болғанымен, келіншек одан бас тартқан. Кейін екі жаққа кеткенде сотталушы келіншектің ізін аңдуға көшеді. Қол көтеріп, сол үшін 30 тәулікке қамауға да алынады. Бостандыққа шыққаннан кейін тағы да бұрынғы танысының пәтеріне келеді. Құр қол емес, монтировканы ұстай келеді.
Тимичев сүйіктісінің екі қызы және қарт анасымен тұратынын білген. Қыздардың бірі-оқушы. Сотталушы пәтердің есігі ашылғанын күткен. Әйел кішкентай қызын мектепке шығарып салу үшін есікті ашқан кезде, баса-көктеп үйге кірген.
«Ол: «Сен өмір сүрмейсің, мен сені өлтіремін»,-деп айқайлады. Баланы жұлқып, пәтерден шығармай қойды»,-деді сот отырысында жәбірленушінің анасы.
Оқиғаның барлығы кішкентай қыздың көз алднда болған. Пәтердегі шуға көршісі Асқар Қанышев келген. Өзіне қауіп төнгенінен қарамастан, ол сталкерді пәтерден итеріп шығарып жібереді.
Сотта Тимичев монтировканы подъезде тауып алғанын айтты. Әйелді көріп, кездескісі келгенін, сол үшін соттың арнайы талаптарын бұзғанын да айтты.
Бұл әйелді аңдудың бірінші жағдайы емес. Ол подъезде шулап, көршілердің мазасын да алған. Оны тұрғындар да, туыстары да растап берді.
«Ол үнемі шу шығарады. Жәбірленушіні аңдиды, таңертеңнен отырады. Подъезде камераларды сындырды. Балалар далаға шығуға қорқады. Оның әс-ірекеті маньяктардыкыне ұқсайды»,- деп айтып берді сотта көршісін құтқарып қалған.Асқар Қанышев.
Сот Тимичевті ҚР ҚК 149 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.
«Константин Тимичевті кінәлі деп тауып, оған бір жылға бас ботсандығынан айыру жазасы кесілсін. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі максималды мекемесінде өтесін», — деп үкім шығарды судья Елена Аушакимова.
Сонымен қатар, сот сотталушы моральдық шығын ретінде келіншекке 500 мың теңге компенсация төлеу керектігін де айтты.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл кәсіпкері тұрғындарға арнап баспана тұрғызуда