12 наурызбен 13 наурыз аралығында Петропавл қаласында тағы да су болмайды. Биылдыққа бұл су берудің төртінші рет тоқтатылуы. «Қызылжар су» кәсіпорнының хабарлауынша, су берудің уақытша тоқтатылуына бірінші көтерілімдегі сорғы станциясына екі жаңа су асты сорғыларын орнату себеп болмақ, деп жазады Qazaqstan Media.
Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында жүргізілуде. Аталған сорғылар су тазарту құрылғыларына су жеткізуге арналған, олар су астында жұмыс істей алады және қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған.
Қала тұрғындарына 12 наурыз сағат 22:00-ге дейін су жинап алу ұсынылады. Суды қайта қосу 13 наурыз сағат 22:00-ге жоспарланған. Су шектеу кезінде әлеуметтік нысандарға су тасымалдау ұйымдастырылады.
Бұған дейін қалада су 29 қаңтарда болмаған еді. Ол кезде су беру жарты күнге тоқтатылды. Кейін 3-4 ақпан күндері су болмады және 24 ақпанда облыс орталығында су беру тоқтатылған болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО-да өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды