Петропавлда төтенше жағдай жарияланбақ

Ертең, яғни қарашаның 9-нан бастап Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланбақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұны қалалық әкімдіктің отырысында шаһар басшысы Серік Мұхамедиев айтты. Өйткені Петропавлдағы кәріз жүйелерінің бірі әбден ескірген. Және жөндеуді қажет етеді.

Петропавлда төтенше жағдай жарияланбақ

Петропавлда төтенше жағдай жарияланбақ

«1956 жылы салынған құбырға Вокзал маңы ауданы, Береке, 19-шы және 20-шы ықшам аудандары мен Жұмысшы кентінің ағынды сулары жиналады. Қазір коллектор штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен оны көп кешіктірмей жөндеу керек. Сондықтан техногендік төтенше жағдай жарияланбақ. Ол 700 метрлік кәріз құбырын тезірек қалыпқа келтіру үшін жасалып отырған шара», — деді жиын барысында қала әкімі.

Бүгіндері «Қызылжар су» серіктестігінің қызметкерлері жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Жұмыстарды облыс және қала басшылығы қатаң қадағалап отыратын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жүк пойызы 16 бас ұсақ малды қағып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x