Петропавл қаласында лицензиясыз несие берген жеке тұлғалар анықталды. Соның ішінде кепілдікпен, жоғары пайыздық мөлшерлемелер және жасырын комиссиялар қолдану арқылы қарыз берген. Жыл басынан бері елімізде бес жосықсыз микроқаржы ұйымдары жабылды, олардан 300 мыңнан астам азамат зардап шекті. Оның ішінде біздің облыс тұрғындары да бар. Олар 71 млрд теңгені артық төлеген, деп жазады Qazaqstan Mediа.
Елде микроқаржы ұйымдарының қызметіне бақылау күшейтілді. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз микроқаржы ұйымдарының қызметін тоқтатуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қаржы нарығында тиiстi лицензиясыз кәсiби қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.Ұлттық Банк белгілеген микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 56%-дан аспайды.
«Жыл басынан бері елімізде бес жосықсыз микроқаржы ұйымдары жабылды, олардан 300 мыңнан астам азамат зардап шекті. Оның ішінде біздің облыс тұрғындары да бар,олар 71 млрд теңгені артық төлеген. Сонымен қатар, заңсыз микроқаржы ұйымдарының қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 800 % асқан жағдайлар да бар» ,-деді өңірлік коммуникацияар орталығында өткен брифингте СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы Мейрам Еркенов.
Нәтижесінде қарыз алушылар қарыз тұзағына түсіп, алынған қарыздардан бірнеше есе артылған соманы қайтаруға мәжбүр болған.
Петропавл қаласында лицензиясыз, соның ішінде кепілдікпен, жоғары пайыздық мөлшерлемелер және жасырын комиссиялар қолдану арқылы қарыз берген жеке тұлғалар анықталды. Бұл азаматтардың құқықтары бұзып, оларға материалдық зиян келтірген. Қарыздың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрады.
Тергеу шаралары барысында құқыққа қайшы әрекетті растайтын құжаттар мен өзге де заттар тәркіленді. Аталған фактілер бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
«Азаматтардың назарын микрокредиттік ұйымда лицензия болуын тексеру және қол қою алдында шарт талаптарын мұқият зерделеу қажеттігіне аударамыз. Егер заңсыз қызмет, күмәнді несие беру шарттары анықталса, дереу Экономикалық тергеу департаментіне жүгініңіз. Біздің басты мақсатымыз — алаяқтардың қылмыстық схемаларынан сақтану, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Өздеріңізді және қаржыларыңызды сақтаңыздар, шарт талаптарын мұқият тексеріңіздер. Сіздің не үшін төлеп жатқаныңызды білуге құқығыңыз бар»,-деді СҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті басқармасы басшысының орынбасары Нұрбаев Азамат.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша VIII кубогы өтіп жатыр