Петропавлда тұрғын үй құрылысы бәсеңдеген

Петропавлдың Копай шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысы бәсеңдеген. Құрылыс мәселесі облыстық әкімдіктегі жиында талқыланды, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйді қолданысқа беру жоспары артығымен орындалған. Ол әрине су тасқынынан зардап шеккен жандарға тұрғызылған Бірлік шағын ауданының арқасы. Әрі коммерциялық баспана құрылысының кестеге сай жүргізілуі. Алайда бюджеттік қаржыға салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер туралы бұлай деп айта алмаймыз. Олардың құрылысы бәсеңдеген. Мұндай жағдай негізінен Петропавлда тіркелген.
Облыстық әкімдікте болған жиында белгілі болғандай, Копай шағын ауданындағы баспана құрылысы кестеден қалып жатыр.

«Риголит» серіктестігі үш үйді тұрғызуда. Бір баспананың құрылысы жоспар бойынша жүріп жатыр. Екі үйдің жұмысы жоспардан кеш қалуда. Қаржыландыру жағынан мәселе жоқ. Серіктестікте жұмысшылар тапшы. Тас қалаушылар жоқ. Тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатын ғана қалады. Үйлер желтоқсанда берілуі керек», — деп баяндады қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Ақша бөлініп тұрып құрылыс жұмыстарының тұралап қалуы тапсырыс берушінің жауапсыздығынан, деп атап өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов. Ол құрылыс басқармасы мен қала әкімдігіне мердігер компанияға айыппұл салуды тапсырды.

«Біз құрылыс алаңын таңдап, ақша бөлдік. Жұмысты кезең-кезеңімен кестеге енгіздік. Енді келіп жоспардан кешігіп жатыр дейсіздер. Ол алдымен тапсырыс берушінің жауапсыздығы. Қажет болса айыппұл шарасын қолданыңыздар. Оны ай сайын жасауға болады. Тек сегіз айдың қорытындысына қатысты емес, ай сайын. Себебі біз жасасқан келісім шартта оның барлығы жазылған», — деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов аталмыш үйлердің құрылысын қатаң бақылауға алып, келесі аптада атқарылған шаралар бойынша есеп беруді тапсырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да квадроциклмен аударылған ер адам көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x