Петропавлда сүйіктісін қызғанған ер адам екі адамды балтамен ұрып тастаған

Петропавлда қызғаныштан сүйіктісі мен оның бұрынғы жігітін балтамен ұрып тастаған ер адамның ісі СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айыпталып отыр. Айта кетейік, Виталий Бондаренко осыған дейін де үш рет істі болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға тамыздың 5-і күні Петропавлдағы Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінде болған. Бір күн бұрын, яғни тамыздың 4-і Виталий Бондаренко досы Дмитрий Карасевтің үйіне келіп, екеуі ішімдік ішкен. Түс кезінде оларға Людмила Бобырка қонаққа келеді. Сөйтіп, үшеуі дастархан басында отырған. Ал кейін оларға Людмиланың сіңілісі Татьяна мен оның бұрынғы жігіті Тимур Мухтанов қосылған. Отырыс келесі күнге дейін жалғасқан.

«Тамыздың 5-і күні таңертең әбден мас болған Бондаренко жатын бөлмеге барып, ұйықтап қалған. Ал Мухтанов барлығы отырған бөлмедегі диванға барып жатады. Оның қасына Людмила Бобырка келеді. Ал сағат 11:30-дар шамасында ұйқыдан тұрған Бондаренко диванда жатқан Мухтанов пен Бобырканы көреді. Ал олардың қасында, дастархан басында Татьяна мен Дмитрий Касарев отырған. Осы кезде сүйген қызының басқа адаммен ұйықтап жатқанын көрген Виталий Бондаренко балта алып келіп, Людмила Бобырканы басынан ұрып қалған. Кейін ол Мухтановты ұруға кіріскен», — деді мемлекеттік айыптаушы Әсем Қазбекова.

Петропавлда сүйіктісін қызғанған ер адам екі адамды балтамен ұрып тастаған
Петропавлда сүйіктісін қызғанған ер адам екі адамды балтамен ұрып тастаған

Осы кезде дастархан басында отырған Татьяна Бобырка Виталий Бондаренконың қасына барып оны артқа қарай тартып, қолындағы балтаны жұлып алған.  

Салдарынан жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған Людмила Бобырка ауруханаға жеткізілді. Ал Тимур Мухтановтың саусағы сынып, тағы бірқатар жарақат алған. Сот отырысы барысында ол оқиғаның қалай болғандығын дұрыстап айтып бере де алмады. Өйткені, қатты мас болған.

«Мен ол үйге қонаққа түнгі екілер шамасында бардым. Сол кезде мас едім. Сосын шамалы дастархан басында отырып ұйықтап қалдым. Ал айыпталушы Виталий Бондаренкомен таныс емеспін. Сол кеште бірінші рет көрдім», — деді жәбірленуші Тимур Мухтанов.

Ал 47 жастағы Людмила Бобырканың сөзінше, Виталий Бондаркенко оған талай рет сезімін білдірген. Ұнайтынын айтқан. Бір рет екеуі төсектес те болған. Бірақ содан кейін кездеспеген.

«Тамыздың 4-і күні мен Виталий Бондаренкоға хабарласып, қарызды қайтаруды сұрадым. Ол менен ақша алған болатын. Ол досының үйіне кел деді. Сосын дастархан басына шақырды. Кейін мен сіңілімді және бұрынғы жігітім Тимурды шақырдым. Онымен біз 2019 бен 2021-ші жылдар аралығында бірге тұрдық. Бірақ содан кейін көңіліміз жараспай, айырылып кеттік. Дегенмен, әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Ал сол күні осындай оқиға болады деп мүлдем ойламадым. Бондаренко мені қызғанатындай  ештеңе істеген жоқпын. Оның үстіне арамызда бір рет қана жыныстық қарым-қатынас болды. Оның өзі осындай бір отырыстан кейін, қателікпен жасалған болатын. Сондықтан оған не көрінгенін білмеймін де. Сіңілім оны тоқтатпағанда ол бізді өлтіріп тастар еді», — деді Людмила Бобырка.

Жәбірленуші қазір денсаулығына байланысты жұмыс істемейді. Дәрі-дәрмек алуға көп қаржы кетеді екен. Сондықтан олар айыпталушы келтірген залалын өтеуі тиіс деген пікірде. Және өтемақы ретінде Виталий Бондаренкодан Тимур Мухтанов бір, ал Людмила Бобырка бес млн теңге сұратқан.

Тағы оқыңыз: Петропавлда балалар арасында «Менің Отаным» шығармашылық байқауы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x