Петропавлда судан зардап шеккен азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда

Петропавлда жастар ресурстық орталығының мүшелері тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға ақпараттандыру жұмыстарын әлі де жүргізіп жатыр. Өйткені, азаматтардан келіп жатқан сауалдар жетерлік, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемгі су тасқыны кезінде баспаналары су астында қалып, қауіпсіз жерге көшірілген азаматтардың біразы уақытша баспаналарда тұрып жатыр. Олардың үйлері техникалық бақылаудан, бағалаудан өткенімен өзге де сұрақтар туындап жатқан көрінеді. Сондықтан жастар ресурстық орталығының мүшелері түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр. Айтуларынша, тұрғындардың көбі аудандардан келген мехбригадалардың жұмысы жайында сұрайды екен. Сол себепті жастар аудандық штабтардың мекен жайлары, жауапты адамдардың телефон нөмірлерін, ол аудан қай көшелерге жауапты екенін бәрін қағазға басып шығарып, таратуда.

«Біз тасқын судан зардап шеккен азаматтармен тығыз қарым-қатынастамыз. Оларға түсіндірме жұмыстарын әлі де жүргізіп жатырмыз. Осындай қиын сәтте оңай жолмен ақша тапқысы келетін алаяқтар да бар. Сондай жайттарды болдырмас үшін тұрғындармен кездесу ұйымдастырамыз. Бүгін әрбіреуіне арнайы басып шығарып әкелген парақшаларды тараттық. Онда көмек алу бойынша барлық нұсқаулық жазылған», — деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Нариман Тоқсанбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да спорт саласында қаржылық заң бұзушылықтарға жол берген сегіз лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x