СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавлда да су деңгейі сағат сайын өзгеруде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазгидромет мамандары әрбір төрт сағат сайын мониторинг жүргізуде. Өңірдегі басты гидронысан Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп, су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавл су торабында да жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Мұнда қауіпті меже 960 см. Бірақ су деңгейі қазірдің өзінде 1058 см-ді көрсеткен. Ал мамандар су тасқынының үшінші толқыны облыс орталығына тек алдағы демалыс күндері келеді деп болжап отыр. Яғни, сол кезде Заречный кентін су басу қаупі бар.

Ал Ғ. Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылы маңында 

Есіл өзенінің деңгейі 228 см-ге көтерілген. Есіл ауданы Покровка ауылының маңында да жағдай мәз емес. Мұнда су арнасынан асып, жайылмаға шығып кеткен.

Тағы оқыңыз: Дала өрті: СҚО-да 35 гектар жер өртенді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *