Петропавлдықтар тағы бір күн сусыз қалатын болды. Ақпанның үші мен төрті аралағында су беру тоқтатылады. Бұл туралы «Қызылжар су» ЖШС директоры хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.
«Қызылжар су» ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес , ақпанның үші күні сағат 22.00 –де су беру тоқтатылады. Ол былтырғы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен 1-ші сорғы станциясының қайта жаңалау жұмыстарына байланысты болып отыр. Су сөндіру жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
«Нысан бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Петропавл қаласында сумен жабдықтау жүйесіндегі қысым төмендетілетін болады. Суды ақпанның төрті сағат 22.00-де беретін боламыз. Тұрғындарға алдын-ала қажетті мөлшерде су алып қою ұсынылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін су беру қайта басталады. Жүйені сумен толтыру және желідегі қысымды тұрақтандыру үшін біраз уақыт қажет», — деді «Қызылжар су» ЖШС директоры Жеңіс Хамзин.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ақпанның алғашқы күндері жаңбырлы болады