Былғары зауыты ықшам ауданында су тасқынынан зақымданған баспаналарды  қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл іске Есіл, Шал ақын мен Жамбыл ауданынан келген  мехбригадалар тартылған. Мамандардың сөзінше, сметалық құжат бойынша әр үйдің жөндеу жұмысына 1 млн мен 7 млн теңге аралығында қаражат жұмсалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былғары зауытында үйі тасқын су салдарынан зақымданғандардың бірі – Лилия Хайретдинова. Ол бұл үйде 13 жылдан бері тұрады екен. Баспана 2 қабатты. Табиғи апат кезінде тұрғын жайдың төменгі бөлігі зардап шеккен. Оның айтуынша, баспанаға 3 жыл бұрын ғана күрделі жөндеу жасалған.

Петропавлда су басқан бір үйді жөндеуге шамамен жеті млн теңге қажет

«Мамырдың 6-сы күні үйді бағалайтын мамандар келді. Айтуларынша, баспана тұруға жарамды. Жұмыстардың барлығын әкімдік өз мойнына алып, жөндеп беретін болды», – дейді қала тұрғыны Лилия Хайретдинова.

Петропавлда су басқан бір үйді жөндеуге шамамен жеті млн теңге қажет

Баспанаға сметалық құжаттар жасалды. Енді үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Былғары зауыты ауданында су кірген 70-тен астам үй Есіл ауданынан келген жедел штабтың қарамағында. Іске 35 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ержан Мұстафиннің айтуынша, тізімге алынған баспаналардың 60 пайызы апаттық деп танылған.

«Былғары зауыты ауданындағы 18 үй жөндеуге жарамды болып шықты. 6 үйде шаруа басталды. Жоспар бойынша бүгін 7-ші үйді жөндеуге кірісеміз. Жалпы, біз жауапты 20-дан астам үй бағалаудан өтті», – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ержан Мұстафин

Тағы оқыңыз: Петропавлда мектеп оқушысы 19 жасар жігітті пышақтап кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x