Петропавлда су басқан 1197 үйде тексеріс жүргізіліп, олардың 238-і тұруға жарамсыз деп танылды. Баспана мен мүлікті бағалау жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі ТЖ аясында баспаналарға  техникалық тексеріс жүргізетін алты компаниямен келісімшарт жасасқан. Ал оны бағалау жұмыстары мен бүлінген мүлік құнын анықтауды  жеті түрлі ұйым жүргізіп жатыр.

«Петропавлда су тасқыны кезінде 2156 үй су астында қалды. 14-ші мамырдағы жағдайды айтар болсақ, 1 197 баспана тексерілді. Оның 537-не техникалық қорытынды шығарылды. 238 үй бүгінде тұруға жарамсыз деп танылды. Әлі 959 үйді тексеру қажет. Сметалық есептеу үшін алты компания жұмылдырылды»,- деді өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Тұруға жарамсыз болып қалған үйлердің саны күн сайын артуда. Оны қалалық әкімдік сайтынан «әртүрлі» деген бөлімнен көруге болады. Онда көрсетілген баспана иелері үйдің техпаспортын, жер актісі және жеке куәлігін алып әкімдікке келулері керек.  Егерде жылжымайтын мүлікке құжат болмаса, оны рәсімдеу қажет. Ол үшін әкімдіктегі 425 кабинетте заңгерлер, ал 134-ші кабинетте адвокат және нотариус тегін кеңес береді.

Тағы оқыңыз:Зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары басты назарда – Ғ. Нұрмұханбетов

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x