Петропавлда су тарифі қымбаттады. Бұл туралы «Қызылжар су» ЖШС өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су бағасы бірден 16,7 пайызға өскен. Өзгерістерді петропавлдықтар 1 сәуірден бастап түбіртектерде көре алады. Айта кетейік, мұндай баға өсімі қаңтардан бастап дифференциалды тарифке көшумен байланысты болып отыр. Судың да сұрауы бар. Яғни, суды үнемді пайдаланатындар азырақ төлейтін болады.

«Сонымен, бір адам айына 3 текше метрге дейін су тұтынса ол 113, 20 теңге, одан сәл асыра пайдаланғандар, яғни 5 текше метрге дейін су тұтынған болса 135,84 теңге төлеуі тиіс. Ал есептік құрылғылары жоқ бір адам айына 10 текше метрден артық су пайдаланса базалық бағадан 2 есе қымбат төлеуі тиіс болады», — делінген жазбада.

Еске сала кетейік, Петропавлда соңғы рет тариф бір жарым жыл бұрын көтерілген екен. Содан бері қалада су бағасы өзгермепті. Қаржының басым бөлігі қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағытталмақ. Онымен қоса, кәсіпорын қосымша инвестиция тартып, желілерін жаңартуды көздеп отыр.

Тағы оқыңыз: Мұзды суда жарты сағаттай болған: Петропавлда мұз астына түсіп кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *