Петропавлдықтар Есіл өзенінен суға батып кеткен ер адамның денесін тапқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға шілденің үші күні сағат күндізгі екілер шамасында Борьки кентінде болған. Мәйітті көрген қала тұрғындары бірден тиісті органдарға хабарлаған.
«Ер адамның денесін құтқарушылар судан алып шықты. Марқұмның кім екені анықталып жатыр. Жасы шамамен 35-40-тарда», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Осыған дейін қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының маңындағы «Черное» көлінде тіркелген болатын. Онда 20 жасар суға батып кеткен еді.
Тағы оқыңыз: СҚО білім басқармасына жаңа басшы келді