Петропавлда студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Республика күніне орай Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне арналған жатақхана пайдалануға берілді. Студенттер үйі 1200 орынға шақталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін Петропавлда Қозыбаев университетінің жаңа жатақханасының салтанатты ашылуы өтті. Студенттер үйі 1200 орынға арналған. Мұнда білім алушылардың жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалған. Ал ең бастысы жатақхана тапшылығы мәселесі шешімін тапқан.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік жатақханалар мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жаңа жатақхананы ашып отырмыз. Мұнда студенттердің алаңсыз білім алып, демалуына жақсы жағдай жасалған. Осыған дейін де бізде осындай заманауи студенттер үйі қолданысқа берілген болатын. Онда шетелдік оқытушылар да тұруға мүмкіндік алды. Осының арқасында университет жатақхана тапшылығы мәселесін шешіп отыр. Барлық жиналған қауымды осынау студенттер үйінің ашылуымен құттықтаймын», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жатақхана іші толығымен жиһаздалған. Ас үй, тренажер залы және медициналық кабинет те бар. Сондай-ақ кір жуатын машиналар қойылып, киім үтіктейтін орын да қарастырылған.

Петропавлда студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Петропавлда студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Петропавлда студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Петропавлда студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді
Петропавлда студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Жатақхана құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Оны жергілікті «Основание» компаниясы тұрғызды.

«Заманауи үлгідегі студенттер үйі енді университетке түсетін жастардың қатарын арттыруға септеседі деген ойдамыз. Оның үстіне бізде қос дипломдық бағдарлама жұмыс істеп жатыр. Сондықтан оқу орнына келемін деушілер енді қайда тұрамын деп алаңдамайды. Өйткені, аталған жатақханада бос орындар жеткілікті. Яғни, біз келер жылы студенттер санын арттыруды жоспарлап отырмыз», — деді М. Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма төрағасы —  ректоры Ербол Исақаев.

Айта кету керек, қазір жоғарғы оқу орнында алты мыңға жуық студент білім алып жатыр.  

Тағы оқыңыз: 16 қазан – дүниежүзілік нан күні

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x