Петропавлда Солнечный-2 шағын ауданында электр подстанциясынан электр жабдықтары ұрланды

Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданынан электр подстанциясынан тағы электр жабдықтары ұрланды. Аталмыш нысан өткен жылы дп тоналған болатын, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солнечный-2 жаңа құрылған шағын ауданға жатады. Мұнда мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана берілген болатын. Үйлердің кілті тапсырылғанына бірнеше жыл өтсе де, жарық мәселесі толық шешілген емес. Аталмыш ауданда электр энегриясы жиі сөнеді екен. Ал көшенің басым бөлігі жарықтандырылмаған. Оған себеп — электр подстанциясының қуаты жетпейді. Кейін жаңасын салып, оны іске қосатын кезде ішіндегі құралдардың ұрланғаны анықталған болатын. Биыл жағдай тағы қайталанып отыр.

«Электр подстанциясындағы алдындағы ұрлықтан кейін ол жерде жеке фирма күзеті қойылған болатын. Бірақ, нысанға толық бақылау орната алмаған, салдарынан құралдар қолды болды. Енді күзет фирмасына қатысты сотқа талап қойылады», — деді Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз қызметі.

Қазір келтірілген шығын мөлшері есептеліп жатыр.  Полицейлер тергеу жұргізіп жатыр. Факті ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлімінің 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу базасына тіркелді. Бұл аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық болып саналады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан әкімдерді сайлаудың жаңа жүйесі іске қосылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x