Петропавлда Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған облыстық байқау өтті. Шараға «Менің Қазақстаным» атауы берілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 17 қатысушы Шәмшінің сырлы әуеніне өз үнімен жаңа бір бояу қосты. Әр орындаушы үшін бұл — жай байқау емес, ән арқылы халық рухына жол салатын жауапты сәт болды.

«Байқауда мен Шәмші Қалдаяқов атамыздың «Қайықты» әні мен өзімніе авторлық туындымды орындаймын. Мұндай шаралардың өнер жолындп жүрген жандар үшін пайдасы зор. Нар тұлғаның өмір жолы ешқашан ұмыт қалмауы тиіс. Ұлттық өнерімізді ұлықтау — басты міндет», шараға қатысушы Еркебұлан Ерсайынов.

Әділ-қазылар орындаушылардың өнерін жіті бақылады. Шара жеңімпазы мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық шаруалар Президент қолынан марапат алды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *