Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесі бойынан жаңа арткөрме ашылады. Шаһар тұрғындары заманауи суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларын көруге мүмкіндік алады. Айта кетейік, галереяның ғимараты мемлекеттен қаржы жымқырған шенеунікке тиесілі болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы, 30 мекенжайы бойынша орналасқан бұрынғы дәмхана ғимараты 2021 жылы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының меншігіне өткен. Мұндай бұйрықты ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық департаменті шығарған. Бұл қаладағы көрме залдарының жоқтығын шешуге көмектеспек. Өйткені, биыл мұнда BOTAI арт-галереясын ашу жоспарланып отыр. Қазір онда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Петропавлда шенеуніктен тәркіленген ғимаратта BOTAI арт-көрмесі ашылады
Петропавлда шенеуніктен тәркіленген ғимаратта BOTAI арт-көрмесі ашылады

«Көрмеге келушілер заманауи суретшілердің, мүсіншілердің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен таныса алады. Ғимараттың дизайнын ҚР суретшілер одағының мүшесі Болат Әскербеков жасаған. Аталмыш ғимаратқа күрделі жөндеу жасауға қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Осы жылдың ақпан айында мердігер компанияға конкурс жарияланып, нәтижесінде «СпектрСтройСевер»ЖШС келісімшарт жасалды. Көрме 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған», — деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының мамандары.

Айта кетейік, бұл ғимарат 2017-2019 жылдар аралығында облыстық қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Әділбек Қалиевке тиесілі болған. Ол өзінің жұбайымен бірге жалған мемлекеттік тапсырыстар жасау арқылы қаржы жымқырған. Түскен ақшаға Қазақстан Конституциясы 30 және М. Жұмабаев 105 мекенжайларында орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алған екен. Қылмысы әшкере болғаннан кейін ол 8 жыл бас бостандығынан айырылып, оның жымқырған қаражаты мен сатып алған мүлкі тәркіленіп, мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Тағы оқыңыз: Елімізде ірі бизнес-орталықтарын Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету заңмен міндеттелмек

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x