шахматтан челлендж

Шахматтан челлендж

Сәуірдің 12-і Қазақстан бойынша барлық мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де шахматтан челлендж өтті. Ауқымды іс-шараға Петропавлдың Әл-Фараби мектеп лицейі де қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әл-Фараби мектеп лицейінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Оған 30-дан астам оқушы қатысады. Бүгін олар Қазақстан бойынша өтіп жатқан челленджге қатысты. Іс-шараның басты мақсаты балалардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру, шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.

«Негізі шахмат ойыны ол өте пайдалы, балалардың зейінін, ойлау қабілетін дамытады. Көбінесе, математика сабақтарында осы шахматтың көмегі өте көп. Келешекте осы іс-шаралар өз жалғасын тауып шахматты насихаттауға, шахмат ойынын ойнауға балаларды көптеп қатыстыруға өз септігін тигізеді деп ойлаймын», — дейді тарих пәнінің мұғалімі Нұрқан Қамзин.

Челленджге барлық жас деңгейіндегі адамдар қатыса алады. Солардың ішінде Ерлан Қоңырбаев та бар. Оған шахмат ойынын кезінде әкесі үйреткен екен. Сол себепті бұл іс-шараға баласымен бірге келген. Ерланның ұлы шахматқа 4 жасынан қызығушылық танытқан.

«Шахмат деген негізі отбасыдан басталатын ойын ғой. Бұл ойынды кезінде маған әкем көрсеткен. Ал мен ұлыма үйреттім. Баламның қызығушылығы бар. Сондықтан әкесі ретінде оны қолдап, оның қабілетін дамыта түсу қажет деп ойлаймын», — дейді Ерлан Қоңырбаев.

Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес өтті. Екі команда арасындағы жарыс түрінде болады: бірі — білім алушылар, екіншісі — ұстаздар. Әр тақтаның нәтижесі бойынша жеңімпаздар тобы анықталды.

Тағы оқыңыз: СҚО елді мекендерін су басу қаупі жоқ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *