Петропавлда скутер мінген 55 жастағы ер адам жол-апатына ұшырады. Ол жол жабындысының нашарлығынан рөлге ие бола алмай, аударылып қалған, деп жазады Qazaqstan Media.
55 жастағы ер адам мен 61 жастағы әйел скутерге мініп, Батыр Баян көшесі бойымен келе жатады. Жол жабындысы нашар болғандықтан, яғни олар ой- шұңқырға түсіп, аударылады. Зардап шеккендер бірден медициналық мекемеге жетізілді. Оларға жарақаттану бөлмесінде көмек көрсетілді. Қазіргі кезде олардың жағдайлары жақсарып, емін үйде жалғастыруда.
Сараптама бойынша скутер жүргізушісі мас болмаған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда егіс алқабындағы шегірткелерді дронмен бақылайтын болады