Петропавлдағы Борки, Веснянка саяжай қауымдастығындағы үйлер сүрілетін болады. Себебі, болашақта облыс орталығы осы бағытта дамып, ол жерлерде құрылыс жүргізілетін болады, деп жазады Qazaqstan Media.
Соңғы жылдары Петропавлдың Борки, Солнечный ықшам аудандары бағытында құрылыс қарқын алған. Мысалы, былтыр Орман шағын ауданында 600 орынға шақталған жайлы мектеп есігін айқара ашты. Одан қалды, көпқабатты тұрғын үйлер де бой көтеріп жатыр. Осы орайда сол маңдағы саяжайлардың болашағы не болмақ?
Бұл сауал облыс әкімінің Петропавл қаласы тұрғындарымен кездесуінде көтерілді.
«Қазіргі кезде қалада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, Орман ықшам ауданында құрылыс алаңдары көп. Осы орайда сұрайын дегенім, Борки және Веснянка саяжайларының жағдайы не болмақ? Олар сүріле ме? Егер сүрілетін болса, оның орнына басқа жер алаңы беріле ме?», — деген сұрақ жолданды.
Шаһар басшысы қала Қизатов көшесі, Бірлік шағын ауданы бағытында дамитытын жеткізді. Сонымен қатар, Мамлют тас жолы бағытында да құрылыс жүргізілетіндігін айтты.
«Қаланың дамуына байланысты әрине болашақта саяжайлар сүрілетін болады. Егер жерлерді алатын бослақ, мүлікті міндетті түрде бағалап, сатып аламыз», — деді Серік Мұхамедиев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз қару сақтаған ауыл тұрғыны айыппұл төлеуі тиіс