Петропавлда саяжайдағы жалғыз баспанасын көктемде су басып, жарамсыз болып қалған 95 отбасының шығыны толық өтелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Арнайы комиссия азаматтардың өтініштерін қарастырып, 32 отбасына жаңа үй берілген.

Петропавлда саяжайда тұрып келген 32 отбасыға жаңа үй берілді

«Петропавлда 53 саяжай қауымдастығы бар. Онда барлығы бес мың үй-жай тіркелген. Тасқын кезінде біраз саяжайлар су астында қалды. 95 үй апатты деп танылды. Барлық азаматтардың өтініштері қабылданып, қаралды. Комиссия шешімімен саяжайдағы жалғыз баспанасы апатты деп танылған 32 отбасына Бірлік шағын ауданынан үй берілді. Қалғандарына өтемақылары толық төленді», дедіоблыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан тарихында болмаған су тасқыны орын алды. Салдарынан төртмыңға жуық үй су астында қалды. Баспанасынан айырылған отбасыларға үйлер салынып, Петропавлда жаңа Бірлік шағын ауданы бой көтерді.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі жаңа тұрғызылған бөгеттердің сапасы туралы айтты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *