Петропавлда саясаткер әйелдер клубының отырысы өтті. Оған ҚР Парламенті сенатының депутаты Әсем Рахметова және Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Бақытжан Малғаждарова қатысты. Сонымен қатар, басқосуға қауымдастықтың мүшелері, кәсіпкер әйелдер жиналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Саясаткер әйелдер клубының құрылғанына небәрі бес жыл болған. Қазір мұндай ұйымдар еліміздің барлық өңірлерінде бар. Клуб мүшелері билікте, бизнес пен экономика салаларын жүрген нәзікжандыларды қолдап, көмек көрсетеді.

«Қазақстан әйелдер күштері альянсының қарамағында құрылған бұл клуб осы уақытқа дейін талай қыз-келіншекке бағыт-бағдар берді. Клуб мүшелері бір-бірін қолдап, көмек көрсетеді. Өйткені, бұрындары бизнесте, билікте әйелдер саны аз болатын. Қазір көбейіп келеді. Яғни, жастар осындай қыз-келіншектерден үлгі алуы тиіс. Қорықпай барлық салаларға араласуы қажет. Сонда ғана біздің жұмысымыз зая кетпеді деп есептейтін боламыз», — дейді Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Бақытжан Малғаждарова.

Петропавлда саясаткер әйелдер бас қосты

Осы уақытқа дейін ондаған қыз-келіншек әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінен оқудан өткен. Солардың бірі – Эльмира Танақұлова.

«Мен әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің төртінші легінің түлегімін. Өзім тәжірбиелі маман болсам да, осы мектепте жүріп көп нәрсені үйрендім. Бізге спикер болған әр адам жаңа ақпарат беріп, көкжиегіміз кеңейіп қалды», — деді «Қазақстан халық партиясы» СҚОФ өкілі Эльмира Танақұлова.

Жиынға қатысқан сенат депутаты Әсем Рахметова қыз-келіншектерді толғандырған мәселелерді тыңдап, әйелдерді қолдауға бағытталған заң жобалары жайлы айтып берді.

«Былтыр елімізде әйелдер және балалар құқығын қорғауға арналған үлкен заң жобасы қабылданған болатын. Ол елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде бағасын тапты. Сонымен қатар, қазіргі таңда Парламент қабырғасында инклюзияға қатысты жақсы заң қарастырылып жатыр. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдап, денсаулық сақтау және білім берумен қамтамасыз ету бойынша біраз мәселелер қарастырылады. Құжатта оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған баптар да болады», — деді Әсем Рахметова.

Петропавлда саясаткер әйелдер бас қосты Петропавлда саясаткер әйелдер бас қосты

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығына дайындық басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *