Петропавлда тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Рахат» сауда үйі жанып кетті. Өрт таңғы бестер шамасында тұтанған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде сауда үйі лапылдап жанып жатқан. ТЖМ қызметкерлері 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Тұрғындар арнайы көлікке отырғызылды.
«Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен үш өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб құрылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеуде. Олар бес тұрғынға көмек көрсеткен. Оның екеуі бала. СҚО ТЖД базасында тұрғындар үшін 52-25-29 нөмірі бойынша жедел желі ұйымдастырылды», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда балалар лагерінің орнына санаторлы-курорттық кешен салынуда