Петропавлда шағын сауда орындарының бірінен өрт шыққан. Алдын-ала болжам бойынша от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған, деп жазады Qazaqstan Media.
Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесі бойындағы сауда павильонындағы жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Сауда орнының төбе жабындысы өртенген. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында от тез арада оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: СҚО-да зейнеткерге құны 1 млн-ға жуықтайтын сапасыз есту аппараты сатылған