Петропавлдағы «Рахат» сауда үйінде болған өрт сөндірілді. Дүкен орналасқан көпқабатты үйдегі екі пәтерге де от тиген, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт сөндірушілердің болжамы бойынша, өрт сауда бутиктерінің бірінен шыққан. Құтқарушылар тілсіз жау туралы хабар түскесін – ақ, көпқабатты үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге шығара бастады. Жалпы 68 адам сыртқа шығарылып, олармен психолог мамандар жұмыс істеді. Екінші және үшінші қабатта тұратын азаматтар пәтерлері оттан зардап шекті деп отыр.

«Зардап шеккен тұрғындар жоқ. Оттың неден шыққаны әлі нақтыланып жатыр. Эвакуацияланған тұрғындар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Алдын ала болжам бойынша екі пәтерге зиян келген»,— деп хабарлады СҚО ТЖД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Нүкішев.

Зардап шеккен пәтер иесінің айтуынша, оның жатын бөлмесі мен балконына от тиген. Жалынды ауыздықтауға 68 маман мен 20 техника жұмылдырылды. Тұрғындарды уақытша Я. Гашек көшесіндегі жатақханаға орналастыратын болады. Тілсіз жаудан зардап шеккен Magnum дүкені де азаматтарға көмектерін көрсетіп жатыр.

«Біз тамақ, су және ыстық шай әкелдік. Шығын көлемі қандай екенін әлі білмейміз. Бірақ дүкен бізде сақтандырылған», — дейді дүкеннің өңірлік директоры Дариджан Бзекалава.

«Рахат» сауда үйінде зергерлік бұйымдар, автокөлік бөлшектерін, киім сататын бутиктер және дәріхана мен ателье болды. Енді кәсіпкерлер шығын мөлшерін есептейтін болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сауда үйі өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *