Петропавлда Samruk-Kazyna Trust КҚ қолдауымен креативті хаб ашылды

Петропавл қаласында Qyzyljar creative center өз жұмысын бастады. Ол өңірде креативті бағыттағы жобаларды іске асыратын шағын және орта бизнесті қолдайтын орын болмақ. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салалары үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлайтын орталық, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шығармашылық орталық Президенттің тапсырмасымен ашылып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай орталықтардың құрылуы туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтқан еді. Заманауи нысан бұрынғы С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ғимаратында орналасқан.

Петропавлда Samruk-Kazyna Trust КҚ қолдауымен креативті хаб ашылды

«Бұл тарихи ғимарат 1956 жылы салынған. Біз оны жаңарттық. Нысанның ашылуына аудан әкімдерін арнайы шақырттым. Өйткені, мұндай орындар тек облыс орталығында ғана емес аудандарда болуы керек. Бүкіл әлемде мұндай орталықтар шығармашыл және интеллектуалды адамдар үшін тартымды орын болып табылады. Біздің жастар мұнда өз идеяларын жүзеге асыра алады, біздің ең бастысы мақсатымыз олардың осында қалуына жағдай жасау», — деп атап өтті орталықтың ашылуында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Шығармашылық индустрия орталығының басты идеясы — өңірдің экономикалық дамуына жаңа серпін беру. Мәдени мұра мен инновациялық технологияларды үйлестіру.

Петропавлда Samruk-Kazyna Trust КҚ қолдауымен креативті хаб ашылды

«Дәл қазір еліміздегі креативті индустрияның инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Бүкіл республика бойынша тоғыз креативті хаб жұмыс істейді. Бір айдан астам уақыт бұрын Алматы облысында кино саласында маманданған креативті индустриялар паркі ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай оператор — «креативті индустрияны дамыту қоры» құрылады. Бұл Солтүстік Қазақстан облысының креативті орталығы республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады деген сөз », — деді мәдениет және ақпарат вице-министрі ҚР Евгений Кочетов.

Бүгінде СҚО-да зергерлік, музыка, дизайн, фотография, халық қолөнері, кино және анимация, медиа және ақпараттық технологиялар саласында 500-ден астам компания жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда 3,5 мың адам еңбек етеді. Өңірде креативті хабты ашу шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді.

Петропавлда Samruk-Kazyna Trust КҚ қолдауымен креативті хаб ашылды

Орталыққа кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, жоғары сынып оқушылары және кәсіби дамуға мүдделі барлық қала және облыс тұрғындары бара алады.
Qyzyljar creative center-дің негізгі бағыттары цифрлық және ақпараттық технологиялар, медиа және digital, контент өндіру және fashion-индустрия, хореография және білім беру сияқты қызмет салалары болады. Ол үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Кабинеттерде заманауи жарық және дыбыстық жабдықтар орнатылған.
Жобаны Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен іске асырды.

Тағы оқыңыз: Бюджет қаржысын уақытылы игере алмағандар жазаланады: СҚО әкімі қоластындағыларға шүйлікті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x