Сәбит Мұқановтың 125 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өтілуде. Бүгін ұлы жазушының Петропавлдағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сәбит Мұқанов -қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.  Биыл бір туар жерлесіміздің емкерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етуге  қызы Жанна мен немересі Найля қатысты. Жанна Мұқанова  жазушының  сүйікті балаларының бірі.  Әкесі  қайда барса да жанынан тастамаған екен. Тиісінше баға жетпес ақылын айтып, түзу жолға жол сілтеген.

Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Сәбит Мұқановтың кіндік қаны тамған өлке солтүстікке алғысым шексіз. Әкемді ұмытпай, әркез ардақтап жүреді. Мен теріскейге жайдан- жай келген жоқпын. Әкем туған аймақты, яғни, Жамбыл ауданын толықтай аралағым келеді», — дейді жазушының қызы Жанна Мұқанова.

Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл қоюға облыстың зиыля қауым өкілдері жиналды. Слнымен қатар, ширек ғасыр бойы  Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы болған, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбеков қатысты. Қаламгердің сөзінше, аталған тарихи нысанда сегіз мыңнан астам экспонат бар. Оның тең жартысы — кітап.

Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Сәбең өте қарапайым адам болды. Халыққа өте жақын, артық сөз мүлдем айтпайтын. Талай мәрте халықтың мұң-мұқтажын билік өкілдеріне жеткізген. Екі арадағы көпір болды десек қателеспейміз»,- деді филология ғылымдарының кандитаты Әділғазы Қайырбеков.

Айта кету керек, ұлы жазушының артынан қалған, ізін жалғайтын алты баласы, 12 немересі, 17 шөбересі мен 14 шөпшегі бар.

Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Тағы оқыңыз: Петропавл қалалық әкімдігінің бөлім басшысына үш млн теңге айыппұл салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *