Петропавлда көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 22 жастағы жігіт жеткізілді. Оны үйде ес-түссіз жатқан жерінен досы тауып, жедел жәрдем шақырған. Ол өз-өзіне қол салмақ болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауруханаға жеткізгенде науқастың мойнынды белдіктің ізі болған. Ол ес-түссіз күйде жеткізілді. Кейін досы, оның осыған дейін қызымен ұрсысып қалғанын айтты. Айта кету керек, бұл пациенттің  екінші рет суицид жасауы.

Жігітке алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол реанимация бөліміне жатқызылды. Кейін инсульт орталығына ауыстырылды. Жағдайы жақсарған соң ол әрі қарай емделуден бас тартып, ауруханадан шыққан.

Мамандардың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған пациенттер аурухана жиі түседі екен.

«Психологиялық дағдарысқа түскен адам көбіне өмірімен қоштасқысы келмейді. Ол ауыр жағдайын көрсеткісі келеді, қолдау іздейді. Бірақ мұндай сәттер өте қауіпті болуы мүмкін, сол себепті көмекке дер кезінде жүгіну маңызды», – дейді дәрігерлер.

Дәрігерлер күйзеліске түскен кезде, Петропавл қаласының психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейтінін еске салады.  Орталықта тегін психологиялық, психотерапиялық және психиатриялық көмек алуға болады. 

Тағы оқыңыз: Желтоқсан-қаңтар айларында қалай демаламыз?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *