Петропавлда облыста құрметті азамат болған, соғыс ардагері және прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Сапар Дүйсеновтің құрметіне мемориалық тақта ашылды. Естелік тақта оның тұрған үйіне орнатылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Сапар Дүйсенұлы Есіл ауданы Тауағаш ауылында дүниеге келген. 16 жасында майдан даласына аттанып, жаумен жағаласты. Жараланып, елге 1944 жылы оралды. Ардагер туған жерге адал еңбек етуден жалыққан емес. Алматы заң мектебін аяқтап, прокуратура органдарында абыроймен қызмет қылды. Ол- Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. КСРО-ның және Қазақстан Республикасы прокуратура органының құрметті қызметкері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Сапар Дүйсеновтің құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылуына облыс әкімі, құзырлы орган қызметкерлері, ардагерлер мен қала тұрғындары және балалары қатысты.

«Елінің дамуына көп үлес қоқсан азамат еді. Сапар Дүйсенұлы еліміз бен облысқа танымал тұлға еді. Соғыстан кейін Сапар Дүйсенұлы отанымыздың дамуына аянбай еңбек етті. Бүгінгі іс шара Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ерекше маңызға ие. Ардагеріміздің мемлекет пен өңір алдындағы ерен еңбегін бағалаудың маңызды белгісі»,-деп атап өтті облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
Сапар Дүйсенов тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейін көтерілген. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға еңбек етті.

«Сапар Дүйсенұлы ҚР құқықтық жүйесін дамытуға ,заң үстемдігін қамтамсыз етуге ,құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, мемлеккеттің мүддесін қорғауға зор үлесін қосты. Ол Қызыл жұлдыз, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Ол облытың бірнеше ауданында прокурор болып еңбек етті. Прокуратура қызметіне 34 жылын арнады. Оның еңбегі бізге үлгі»,- дейді облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов.
Мемориалдық тақта оны халыққа және заңға адал қызмет еткен тұлға ретінде құрметтеудің және алғыстың символы.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті