Петропавлда референдум қарсаңында  қалалық әкімдікте Call-center жұмысын бастады. Ол шаһар тұрғындарына дауыс беру учаскелерінің орналасуы және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі бойынша көмек ұсынады, деп жазады Qazaqstan Media.

Call-center 15 наурыздағы саяси науқанды өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырлған. Оған тұрғындар (87152) 32-02-03 немесе 32-02-04 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қала әкімдігінің ресми парақшасында сайлаушыларды тексеру бойынша сервистер қолжетімді https://izbiratel.sko.kz және Telegram қосымшаларында сілтеме бойынша https://t.me/SailauSkoBot

Референдум күні қосымша бес учаскеде онлайн-сервистер ұйымдастырылады. Онда ХҚКО қызметкерлері тұрақты тіркелімі жоқ азаматтарды тіркейтін болады.

– Горький көшесі, 52А, Қожаберген жырау атындағы №6 ОМ орналасқан №667 РУ,
– Медведев көшесі, 3, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі №600 РУ,
– Пугачев көшесі, 129, №31 ОМ №605 РУ,
– Залманов көшесі, 46/1, Әлихан Бөкейхан атындағы №25 ОМ №611 РУ,
– Н.Назарбаев көшесі, 272, №23 ОР №637 РУ

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі аудандардың су тасқынына дайындықтарын пысықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *