Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған дәстүрлі автошеру өтті. Шаһарымыздың орталық алаңында бастау алған шара қала маңындағы елді мекендерге дейін жетті , деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Автошеру белгіленген уақыттан 15 минутқа ерте басталды. Көлік иелері көк байрағымызды желбіретіп, бірінің соңынан бірі ілесті.


37 жастағы Жасұлан Байқанов мұндай шараға алғаш рет қатысып отыр. Шерудің жастарға берері мол дейді ол.

“Осындай автошерулердің жастар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Желбіреген көк туымызды көргенде кімнің болмасын бойында патриоттық сезім оянары сөзсіз. Оны көлігімде отырған жас қыз-жігіттердің сөзінен, эмоцияларынан байқадым. Шарадан өзім де ерекше қуат алып, шабыттанып қайттым”, — дейді қала тұрғыны.


Автошеруді қаладағы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Көліктер облыс орталығынан шығып, Бескөл, Бәйтерек, Новокаменка, Архангельское және Петерфельд елді мекендеріне соқты.

“Автошеру жыл сайын өткізіліп тұрады. Негізгі мақсатымыз — мемлекеттік рәміздерді халық арасында насихаттау. Жыл санап шараға қатысуға ниет білдірушілердің қатары артып келеді”, — деді Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жанат Кәкімов.

Автошеруді көрген өзге жүргізушілер дабылдарын басса, жаяу жүргіншілер қол бұлғап өтті. Ауыл тұрғындары да бар тірліктерін тастап, көшеге шығып, арнайы безендірілген көліктерді тамашалады. 1,5 сағатқа созылған  шараға 10-нан астам көлік қатысты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x