Петропавлдың бас алаңында III халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалі би өнері концерті басталды. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары үшін жергілікті ансамблдер өнер көрсетпек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Би фестивалінде тұрғындар назарына жалпы 6 ансамбль 35 концерттік номер ұсынбақ. Іс-шарада өңірімізге танымал  «Әдемау», «Мәңгілік» , «Қуанамын», Sensіtive би ұжымдары өнер көрсетеді.

Петропавлда «QYZYLJAR MUSIC FEST» халықаралық фестивалі басталды Петропавлда «QYZYLJAR MUSIC FEST» халықаралық фестивалі басталды

«Халықаралық фестиваль өңірімізде жыл сайын өткізіледі. Жылдан-жылға деңгейіде артуда деп айта аламын. Бүгінгі би фестивалінде ең жақсы өнер көрсеткен ансамбльдер ертеңгі гала концертте де көрермендерді қуантатын болады. Дайындықтары жақсы. Ең бастысы тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлай алсақ болды», — деді іс-шара ұйымдастырушысы Максим Тонков.

«Qyzyljar Music Fest» фестивалі би өнері концертінен кейін бас алаңда  классикалық музыка кеші өтеді. Концертте жергілікті өнерпаздармен қатар Астана қаласынан келген Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, Мәскеулік классикалық музыка және симфониялық рок орындаушысы Денис Шаповалов, Аргентинадан келген Ivanna Speranza мен Италиядан келген David Piaggio опера әншілері өнер көрсететін болады.

Тағы оқыңыз:Жарасбай Сүлейменов «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x